07.05.2008, 15:01 4044

Мемлекет басшысы бір топ әскери қызметкерлерді марапаттады

Мемлекет басшысы бір топ әскери қызметкерлерді марапаттады

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Отан қорғаушылар күніне орай бір топ әскери қызметкерлерді марапаттады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Искери және қызмет міндетін үлгілі атқарып, ерекше жағдайларда ер азаматтық және жанқиярлық көрсеткені үшін менің жарлығыммен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен бір топ әскери қызметкерлер марапатталды", - деді Н. Назарбаев.

"Олардың қатарларында Ирактағы қауіпсіздік және халықаралық бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясына қатысқан әскери қызметкерлер, сондай-ақ әскери борышын өтеу барысында ондаған адамдардың өмірін құтқару кезінде ерекше жағдайларда ерлік жасап, жанқиярлық көрсеткен апаттан құтқару қызметі, өртсөндіру қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметкерлер бар", - деп атап өтті президент.

"Отан сіздерге туған жердің бейбітшілік дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп үлкен сенім артып отыр", - деп атап өтті мемлекет басшысы әскери қызметкерлерге арнап сөйлеген сөзінде.

ҚР Қорғаныс министрлігінің №28079 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік отряды командирінің орынбасары Нұрлан Иубәкіров, Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Кәрімберді Балтабаев, ҚР қарулы күштерінің байланыс және ақпараттандырудың бас басқармасының аға офицері Асхат Райымбеков II дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапатталды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің №91678 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі Қуат Ибішевке, Алматы халықаралық әуежайының аға күзетшісі Руслан Илжановқа, ҚР Қорғаныс министрлігінің Гвардиялық гарнизонының әскери полиция бөлімінің ауысым бастығы Нұрмұхаммед Бешебаевқа, ҚР ТЖМ "Көмір" РМКК әскерилендірілген апаттан құтқару қызметі бөлімінің командирі Александр Гайворонскиге, ҚР ТЖМ "Көмір" РМКК әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінің бас инженері Геннадий Силинскийге, ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша "апаттан құтқару жұмыстары мен өртті сөндіру қызметінің" МБ қарауылының бастығы Алхар Өскембаевқа "Ерлігі үшін" медальдары тапсырылды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің №28079 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік отрядының қамтамасыздық тобының командирі Асылжан Ибраев "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны