30.06.2008, 17:08 7121

Мемлекет басшысы бір топ азаматты Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады

Мемлекет басшысы бір топ азаматты Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы бір топ азаматты Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен бүгін сіздерді, 1995 - 1998 жылдары бірінші болып Ақмолаға бет түзеп, осында жұмыс істей бастаған адамдарды шақырдым", -деді Н. Назарбаев. "Бұл аса қиын сәт еді, бәрі де қиын жағдайда жұмыс істеді. Бірақ Елордасын Алматыдан Астанаға көшіру біздің мемлекеттілігіміз үшін саяси және геосаяси шешім болды", -деді ол.

"Астана ілгері ұмтылуға серпін берді. Астана Қазақстанның мүмкіндіктерін көрсетті, қазір де ол дамудың үлгісі, бүкіл Қазақстанның және оның барлық қалаларының гүлдену үлгісі", - деді Н. Назарбаев.

Атап айтсақ, мемлекет басшысы "Астананың 10-жылдығы" мерейтойлық медальдарын жаңа Елордасы- Астананың аяғынан тұруы мен дамуына өз үлестерін қосқан 26 азаматқа табыс етті. Олардың арасында қазіргі Алматы әкімі Ахметжан Есімов, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов, "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Иділбек Жақсыбеков, туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов, премьер-министрдің орынбасары Өмірзақ Шүкеев, " "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ президенті Асқар Мамин, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, президент іс басқармасының бастығының орынбасары Мырзахмет Ауанов, "Иділет" демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев, Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры Айман Мұсахожаева және басқа да адамдар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны