31.03.2010, 16:47 6475

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Имірліктерінің президентіне көңіл айтып, жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа бен Зайед Ил-Нахаянға бауыры шейх Ахмед бен Заид Ил-Нахаянның әуе апаты салдарынан мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады. Көңіл айту хатында "Сізге барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Марқұмның жаны жаннатта, топырағы торқа болсын. Алладан оның жақын-туыстарына сабырлық пен төзімділік беруді тілеймін",- делінген.

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа бен Зайед Ил-Нахаянға бауыры шейх Ахмед бен Заид Ил-Нахаянның әуе апаты салдарынан мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көңіл айту хатында "Сізге барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Марқұмның жаны жаннатта, топырағы торқа болсын. Алладан оның жақын-туыстарына сабырлық пен төзімділік беруді тілеймін",- делінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны