24.10.2008, 17:30 3032

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды (толық нұсқасы)

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды (толық нұсқасы)

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы "2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы", "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы", "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары 9 қазанда өткен жалпы отырыста "ҰҚШҰ-ның құқықтық мәртебесі жөніндегі 2002 жылдың 7 қазанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады.

Хаттамаға 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойылған.

"ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" заңды сенат 9 қазанда қабылдады.

Бұл келісімнің мақсаты - ҰҚШҰ мен оған мүше мемлекеттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау шараларына тиімді қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорыытндысында атап көрсетілгеніндей, "келісімнің екінші бабына сәйкес ҰҚШҰ-ына мүше елдер бітімгершілік операцияларына қатысу үшін тұрақты бітімгершілік күштерін құруға тиіс".

Бітімгершілік күштерді жасақтау үшін әр мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес тұрақты бітімгершілік контингенттерін бөліп, олар ҰҚШҰ үшін біртұтас бағдарламалар бойынша дайындалады, біртұтас немесе бір-бірін алмастыра алатын қару-жарақ және байланыс құралдарымен жабдықталады, бірлескен тұрақты оқу-жаттығуларға қатысады.

Сенат депутаттары сондай-ақ, 9 қазанда өткен жалпы отырыста "ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйелерінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады.

Бұл келісімге 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны