09.04.2012, 10:49 3676

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Президент "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету хаттамасын ратификациялау туралы" Заңға қол қойды.

Астана.9-сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президент "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету хаттамасын ратификациялау туралы" Заңға қол қойды.

Сондай-ақ, елбасы "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, пайдалану, жөндеу, жаңарту, пайдалану мерзімін ұзарту және кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңды да бекітті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істербойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі шартты ратификациялау туралы" және "Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартын ратификациялау туралы" Заңдарға да қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны