29.10.2015, 12:31 3958

Мемлекет басшысы бірқатар заӊға қол қойды

Мемлекет басшысы заӊнамалық актілерді жаӊа "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" заӊға сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық акітілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол қойды"

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заӊға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мемлекет басшысы заӊнамалық актілерді жаӊа "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" заӊға сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық акітілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол қойды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев халыққа әлеуметтік көмекті оныӊ атаулы сипатын күшейту арқылы оӊтайландыру бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына және "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік рәміздер туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық заӊына қол қойды.

Заӊдардыӊ мәтіні баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны