10.11.2015, 14:28 4362

Мемлекет басшысы бірқатар заӊға қол қойды

Елбасы бірқатар заӊға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - Елбасы бірқатар заӊға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы "Есірткі, психотроптық заттар мен олардыӊ прекурсорларыныӊ үлгілерін беру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол қойды. Сондай-ақ Елбасы "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердіӊ үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны