06.04.2016, 22:12 4111

Мемлекет басшысы бірқатар заӊға қол қойды

Заӊдардыӊ мәтіні баспасөзде жарияланады.

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы бірқатар заӊға қол қойды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы заӊнаманы Қазақстан Республикасыныӊ "Халықты жұмыспен қамту туралы" жаӊадан қабылданған Заӊымен сәйкестендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына;

халықты жұмыспен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған "Халықты жұмыспен қамту туралы";

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына заӊнаманы сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" ;

нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол қойды.

Заӊдардыӊ мәтіні баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны