24.01.2014, 20:22 4947

Мемлекет басшысы "Бомбардьер" компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесті

Қазақстан Президенті өсу үстіндегі ел экономикасының сұранысы мен көлік инфрақұрылымының даму қарқынын ескергенде, канадалық кәсіпорынның республикамызда қызмет етуі үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев "Бомбардьер" компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жұмысының басталуының мәселелері қаралды. "Бомбардьер" өкілдері қазірдің өзінде әлеуетті серіктестерімен бірқатар келіссөздер жүргізгені атап өтілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті өсу үстіндегі ел экономикасының сұранысы мен көлік инфрақұрылымының даму қарқынын ескергенде, канадалық кәсіпорынның республикамызда қызмет етуі үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

П.Бодуэн "Бомбардьердің" әрдайым жаңа елдегі жұмысын бастаған кезде ұзақмерзімді мақсат қоятынын мәлім етті. Ол адами капиталды дамыту және өз кәсіпорындарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік компаниялар құру жоспарлары туралы айтып берді.

Компания басшысы авиация және теміржол машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзір екендіктерін де жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны