29.09.2015, 10:52 3932

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және Қазақстанныӊ Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және Қазақстанныӊ Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті еліміз бен Люксемург арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ К.Беттельді Еуропалық одақтағы төрағалығымен құттықтай отырып, Қазақстанныӊ Еуропалық одақпен арада қол қойған жаӊа келісімі таяу уақыттары ратификацияланады деп үміттенетінін жеткізді.

Люксембург Премьер-министрі өзініӊ Астанаға сапары кезінде жасалған қабылдау үшін алғыс білдірді және дамудыӊ маӊызды мәселелерін талқылау үшін салиқалы қонақтардыӊ басын қосқан Астана экономикалық форумыныӊ табысты өткенін атап айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны