29.09.2015, 09:14 4054

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ жалпы дебатына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанныӊ ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанныӊ ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы ХXI ғасырда адамзаттыӊ еӊ басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оныӊ себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды. Сол үшін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау жөнінде бастама жасалды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық құқық қағидаттарын жаһандық саясаттыӊ барлық қатысушылары сақтауы маӊызды екенін атап көрсетті және 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ халықаралық құқықтыӊ арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деӊгейдегі халықаралық конференциясын шақыру идеясын жариялады.

Соӊында Қазақстан Президенті терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, жасыл технологияларды дамыту, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелеріне тоқталды.

Елбасыныӊ сөйлеген сөзініӊ толық мәтінін мына жерден қараӊыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны