02.09.2015, 10:32 3671

Мемлекет басшысы Цзянсу провинциясы халық өкілдерініӊ Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетініӊ төрағасы - партия комитетініӊ хатшысы Лоу Чжицзюнмен кездесті

Кездесу барысында Тынық мұхитындағы Ляньюньган портындағы Қазақстанныӊ логистикалық терминалы арқылы жүк тасымалы ауқымын кеӊейту перспективалары талқыланды

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Тынық мұхитындағы Ляньюньган портындағы Қазақстанныӊ логистикалық терминалы арқылы жүк тасымалы ауқымын кеӊейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан үшін Цзянсу провинциясымен ынтымақтастықтыӊ зор маӊызы бар. Біз ҚХР басшылығымен уағдаластық бойынша Ляньюньган портында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл - Қазақстанныӊ Тынық мұхитқа тарихи тұрғыдан алғашқы қадам басуы. Мұны ынтымақтастығымыздыӊ басы ғана деп ойлаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен және ҚХР Мемлекеттік кеӊесініӊ премьері Ли Кэцянмен кездесу барысында көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл жайы басымдығы бар мәселеленіӊ бірі екеніне тоқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны