30.05.2018, 23:54 5425

Мемлекет басшысы дамудыӊ жаӊа бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды

- Біздіӊ бүкіл жұмысымыз халықтыӊ табысын арттыруды көздейді. Егер олай болмаса, онда Үкіметтіӊ шамасы келмей отыр деген сөз, - деді Қазақстан Президенті.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Күн тәртібіне сәйкес жиында еліміздегі құрылымдық және институционалдық реформалардыӊ жүзеге асырылу барысы және Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық ахуалы талқыланды.

Отырысты ашқан Мемлекет басшысы 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысыныӊ салдарына қарамастан, экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін іске асырылған шараларға назар аударды.

- Илемдік қаржы дағдарысы басталған сәттен бері 10 жыл өтті. Жағдай өзгерді. Дағдарыстан шығу үшін біз арнайы бағдарламалар әзірледік, жол картасын қабылдадық, жұмыстан босап қалған адамдарға қол ұшын создық. Көптеген шаралар жүзеге асырылды. Біз шетелден инвестиция тарттық және өз қаржымызды да пайдаландық. Сол арқылы ұлттық экономикамызды құлдыратпай дағдарыстан шығуға мүмкіндік алдық, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық үрдістер мен қалыптасқан геосаяси ахуалды ескере отырып, дамудыӊ жаӊа бағдарламаларын әзірлеу қажеттігін айтты.

- Президент Икімшілігі мен Үкімет одан әрі дамуымыздыӊ жолдарын іздестіруі керек. Біз болашақта тиісті шаралар қабылдау үшін болжам жасауымыз қажет. Біздіӊ алдағы іс-әркеттеріміз жөнінде айқын ұстанымымыз болуға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазіргі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асырудыӊ тиімділігіне тоқталып, олардыӊ уақтылы және сапалы орындалуыныӊ маӊыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп секторын одан әрі дамыту және қайта өӊдеу саласына инвестиция тарту үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Елбасы мемлекеттік органдардыӊ қызметі ел тұрғындарыныӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

- Біздіӊ бүкіл жұмысымыз халықтыӊ табысын арттыруды көздейді. Егер олай болмаса, онда Үкіметтіӊ шамасы келмей отыр деген сөз, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, жастарға кәсіби білім беріп, жұмысқа орналастыру мәселелеріне тоқталды.

Жиын барысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Бас прокурор Қ.Қожамжаров және Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Қ.Ақсақалов баяндама жасады.

Басқосу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді және олардыӊ орындалуын қадағалауды Президент Икімшілігі мен Қауіпсіздік кеӊесініӊ аппаратына тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны