19.02.2007, 18:54 3170

Мемлекет басшысы демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына жоғары баға берді

АСТАНА. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекеттік комиссия өзін саяси диалог орнатудың тиімді институты ретінде көрсетіп, реформалардың логикасы мен мазмұны тұрғысында қоғамдық консенсусқа қол жеткізуге болатынын паш етіп, болашақ демократиялық дамудың айқын сүрлеуін сызып берді",- деді Н.Назарбаев бүгін демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

"Мемлекеттік комиссия еліміздің заңнамасын жетілдіре отырып, қолданыстағы Ата заңның әлеуетін біртұтас әрі толыққанды жүзеге асыруға септігін тигізді",- деді ол. Президенттің айтуынша, жалпы алғанда мемлекеттік комиссияның мүддесі аясына демократиялық реформаларды ілгерілетуге бағытталған 20-ға жуық заңдар мен құқықтық-нормативтік актілер енді. Заңнамалық инновациялар мәслихаттардың өкілеттілігі аясын кеңейту, әділеттілік және құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелерін қамтып, өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға негіз қалап, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданды.

"Сонымен бірге саяси инновациялардың жобасын жасауға бағытталған мемлекеттік комиссияның жұмысы қазақстандықтардың саяси мәдениетінің өсуіне түрткі болды",- деді Н.Назарбаев. "Комиссияның жұмысы Қазақстанның өз дамуында демократиялық бағытқа біржола әрі сатылы түрде ден қойғанын және одан ауытқымайтынын тағы бір дәлелдеді",- деді ол.

"Бүгінде еліміздің демократияға қарай стратегиялық тұрғыда ілгерілеуін жүзеге асырушы әрі демократиялық реформалардың алгоритмін жасаушы - заңды мемлекеттік билік екеніне ешкім де күмән келтіре алмайды",- деді президент.

"Қазақстандағы билік тұрғындардың экономикалық және азаматтық белсенділігін іс жүзінде қолдауға, кәсіпкерлік либералды рухты көтермелеуге, азаматтардың саяси істерге атсалысу деңгейін арттыруға, олардың құқығын қорғауға талпынып отырғанына қоғам көз жеткізді",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны