09.05.2018, 20:47 4549

Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен теӊ құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздыӊ игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Алматы. 9 мамыр. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Сіздіӊ Ресей Үкіметініӊ басшылығындағы қызметіӊіз еліӊіздіӊ экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын және халықтыӊ әлеуметтік әл-ауқатыныӊ арта түсуін қамтамасыз етеді деп сенемін.

Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен теӊ құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздыӊ игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Д.Медведевке денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік лауазымда жаӊа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны