14.10.2008, 16:44 3033

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры мен БҰҰ Балалар қорының атқарушы директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры мен БҰҰ Балалар қорының атқарушы директорын қабылдады

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының Атқарушы директоры Энн Венеманды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту мен ЮНИСЕФ-тің елімізбен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

М.Чан мен Э.Венеман президентке бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысу үшін келгендерін жеткізді.

Мемлекет басшысы 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматы декларациясының қабылдануы Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін де маңызды оқиға болғанын атап өтті.

Декларацияны жүзеге асыру ең маңызды міндеттердің бірі - ғаламдық деңгейде адамдардың денсаулығын нығайтуға қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте құжаттың негізгі қағидалары күні бүгінге дейін әлемдегі көптеген елдердің әлеуметтік-экономикалық саясатының назарында қалып отыр.

Н.Назарбаев сондай-ақ Қазақстан БҰҰ Балалар қорымен 1992 жылдан бері табысты өзара ықпалдасып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі кезде Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы 2005-2009 жылдарға арналған үшінші еларалық бағдарлама іске асырылуда.

"Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды ІЖӨ-нің 4 пайызына дейін жеткізуге ниет білдіріп отыр. Қазірдің өзінде елдеріңіз денсаулық сақтау жүйесін жақсартуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Илі де шешімін таппаған бірқатар міндеттер баршылық, алайда Қазақстан қандай проблемалардың барын біледі және оларды шешуге ықыласты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға қордаланған қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі", - деді ДДҰ бас директоры М.Чан журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны