22.05.2009, 11:54 1406

Мемлекет басшысы экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты ТМД елдерін қылмыспен бірлесе күресуге шақырады

Мемлекет басшысы экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты ТМД елдерін қылмыспен бірлесе күресуге шақырады

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты ТМД елдерін қылмыспен бірлесе күресуге шақырады. Бұл туралы ол бүгін Ақордада ТМД елдерінің үкімет басшыларымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты қылмыс та артады, онымен бірлесе күресу қажет", - деді президент. Н. Назарбаевтың айтуынша, бұл әсіресе есірткі саудасына қатысты.

"Өкінішке орай, есірткі тасымалы басқа елдерге Ауғанстаннан Қазақстан арқылы өтеді. Біздің үкіметіміз ауқымды бағдарлама қабылдады, ірі көлемде қаржы бөлінді, және біз Қазақстан арқылы тасымалданатын есірткі көлемін анағұрлым азайтамыз деген мақсат қойып отырмыз", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны