26.02.2009, 18:19 3310

Мемлекет басшысы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің төрағасын қабылдады

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Қожамжаров Елбасына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің орындалуы жөнінде және екінші кезеңін жүзеге асырудың басталуы туралы баяндады.

Иңгіме барысында президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екендігін ерекше атап көрсетті. Қаржы полициясы лауазымы мен байланыстарына қарамастан, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаған тұлғаларды анықтауы тиіс. Прокуратура мен ҰҚК бұл жұмыста агенттікке көмек керсетуі қажет.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте алғашқы нәтижелерге қол жеткізілгенін, алайда бұл бағыттағы жұмысты жандандыра түсу қажеттігін атап өтті.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігіне Қазақстанның кен орындарын игеруге арналған лицензияларды бөлудегі заңдылықтарды тексеруді жалғастыру, алкоголь өнімдерін сатудан бюджетке түсетін салықтық кірістерді бақылауға алу, сондай-ақ Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жүргізу тапсырылды.

Президент сондай-ақ Қ.Қожамжаровқа әрбір өңірде қаржы полициясының сенім телефондарын орнатуды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға тиісті түзетулер енгізуге бастамашылық жасауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны