01.09.2009, 12:29 1534

Мемлекет басшысы ел дамуының бес бағытын белгіледі

Мемлекет басшысы ел дамуының бес бағытын белгіледі

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының бес бағытын белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Таяудағы он жылда мемлекет пен қоғамның күш-жігері басты бес бағытта шоғырлануға тиіс - экономиканы дағдарыстан кейін жандандыру, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті адами капитал құру", -деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, оның айтуынша, республикада "халықты негізгі әлеуметтік және тұрғын-үй коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығына бар күш-жігерді шоғырладыру қажет".

"Біз ғаламдық өзгерістер мен ағымдарды да ескеруге тиіспіз", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны