10.04.2015, 22:15 4349

Мемлекет басшысы "Елбасымен бірге - жаӊа жеӊістерге!" атты жастар форумына қатысты

Форумға Қазақстанныӊ бүкіл өӊірінен 2000-нан астам адам қатысты, олардыӊ қатарында "Жас Отан" жастар қанатыныӊ белсенділері, мәслихаттардыӊ жас депутаттары, кәсіпкерлер, ғалымдар, танымал спортшылар және жастардыӊ іргелі ұйымдарыныӊ көшбасшылары бар

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Форумға Қазақстанныӊ бүкіл өӊірінен 2000-нан астам адам қатысты, олардыӊ қатарында "Жас Отан" жастар қанатыныӊ белсенділері, мәслихаттардыӊ жас депутаттары, кәсіпкерлер, ғалымдар, танымал спортшылар және жастардыӊ іргелі ұйымдарыныӊ көшбасшылары бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздіӊ тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктеріне, Қазақстанныӊ одан әрі дамуы, бірлігі және азаматтарыныӊ бақуаттылығы үшін сол табыстарымыздыӊ баянды ете түсудіӊ маӊыздылығына назар аударды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпақтыӊ ел тарихын білуі, дәстүрді және қоғам құндылықтарын сақтауы ерекше мәнге ие екенін айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ отандық экономикаға ықпал ететін бірқатар жағдаяттарға да тоқталды. Климат, жер шалғайлығы, теӊізге шығу жолыныӊ жоқтығы, тарихи және мәдени мұралар осы қатарда аталды.

Мемлекет басшысы бүгінде барлық қазақстандықтарды жасампаз еӊбек, татулық пен келісім, халық бірлігі, Отан үшін мақтаныш, оныӊ ұлы тағдырына өз қатыстылығын сезіну сияқты ортақ құндылықтар біріктіретінін атап өтті.

- Мен бүгінде патриоттардыӊ жаӊа буыны өсіп, ержетіп келе жатқанын көріп отырмын. Сендер қазіргі заманғы Қазақстанныӊ идеалдарымен тәрбиелендіӊдер. Өз еӊбектеріӊмен, білімге және нақты істерге деген ұмтылыстарыӊмен Мәӊгілік еліміздіӊ мерейін асырып жүрсіӊдер. Мен жас азаматтарымыз Тәуелсіздік мұратына адал болатынына, табыстар эстафетасын жалғастыратынына сенімдімін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, табыс және бақ-береке тіледі.

Іс-шара барысында "Нұр Отан" партиясыныӊ "Жас Отан" жастар қанатыныӊ төрағасы Н.Сыдықов, Ақтау қаласы студенттері альянсыныӊ атқарушы директоры Г.Бұрхандинова, "Болашақ" президенттік бағдарламасыныӊ түлегі А.Сүлейменов, "Юг Цемент Строй" ЖШС механикалық бөлімініӊ ауысым бастығы Е.Тұрарқұлов, "Агрофирма "Парасат" ЖШС директорыныӊ орынбасары К.Елкин, әнші-актер Ж.Доғалова, мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтыӊ чемпионы Д.Тен, Қазақ гуманитарлық заӊ университетініӊ студенті В.Волошина және "Жасыл ел" жастар еӊбек отрядыныӊ Шығыс Қазақстан облысындағы штабыныӊ басшысы Қ.Қасенов сөз сөйледі.

Іс-шара қорытындысы негізінде "Елбасымен бірге - жаӊа жеӊістерге!" жастар форумына қатысушылар Қазақстан жастарына арналған Үндеу қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны