08.05.2009, 13:12 3042

Мемлекет басшысы Елорданың бірқатар тұрғындары мен құқық қорғау органы қызметкерлеріне пәтер кілтін табыс етті

Мемлекет басшысы Елорданың бірқатар тұрғындары мен құқық қорғау органы қызметкерлеріне пәтер кілтін табыс етті

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімдігінде Елорданың бірқатар тұрғындарына пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, көп балалы отбасылар, ардагерлердің отбасылары пәтер алайын деп отыр. Сәулетті Астанадан пәтер алу үлкен қуаныш. Дүниежүзілік дағдарыстың қиыншылығына қарамастан мемлекет қаржы бөліп, халықты үймен қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлуде", - деді салтанатты шарада президент.

"Қалай дегенімізбен, бүгінгі күні құқық қорғау жүйесі қылмыс деген қатермен бетпе-бет келіп отыр. Сіздер еліміз азаматтарының құқықтары мен бостандығын қорғайсыздар. Мен Астана ең қауіпсіз қала болсын деген мақсат қойдым. Елордасы - еліміздің азаматтары үшін қолайлы әрі қауіпсіз қала болуға тиіс",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы азаматтарды қоныс тойларымен құттықтап, үйлерінің іші де, сырты да қуанышқа толуына тілектестігін білдірді және баршаларын Ұлы Жеңіс тойымен құттықтады.

Салтанатты шара барысында Астана әкімдігінің Тұрғын үй басқармасында 1989 жылдан бері кезекте тұрған халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары және күш құрылымдарының қызметкерлері, барлығы 50-ден астам азамат пәтер кілті мен ордерге ие болды.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оларға берілген тұрғын үйді әкімдік Экономиканы тұрақтандыру шаралары шеңберінде "Эверест" тұрғын үй кешенінен сатып алған.

2009 жылғы 1-мамырдағы жағдай бойынша Астана әкімдігінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін 13915 азамат кезекте тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны