10.10.2016, 19:23 4245

Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан Президенті дипломаттардыӊ Астанадағы жұмысы маӊызды мереке - ел тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында басталуыныӊ символдық мәні бар екенін атап өтті.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Рәсім барысында Қазақстан Президентіне Австрия Республикасыныӊ Төтенше және өкілетті елшісі Герхард Сайллер, Ватиканныӊ Төтенше және өкілетті елшісі Фрэнсис Ассизи Чулликатт, Германия Федеративтік Республикасыныӊ Төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэль, Грекия Республикасыныӊ Төтенше және өкілетті елшісі Александрос Катранис, Қатар Мемлекетініӊ Төтенше және өкілетті елшісі Ахмад бен Или Ибдуррахман әл-Джамиль әл-Тамими, Нидерланд Корольдігініӊ Төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коп, Швейцарияныӊ Төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид, Жапонияныӊ Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата сенім грамоталарын тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыныӊ ресми түрде басталуымен құттықтап, олардыӊ қызметі елдеріміз арасындағы ынтымақтастық аясын одан әрі нығайтуға тыӊ серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті дипломаттардыӊ Астанадағы жұмысы маӊызды мереке - ел тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында басталуыныӊ символдық мәні бар екенін атап өтті.

- Біздіӊ еліміз бұл мерекелік межеге жақсы нәтижелермен жетіп отыр. Қазақстан ширек ғасырда дамудыӊ күрделі кезеӊінен өтті. Қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, ел іргесін бекемдеу үшін келесі кезеӊге арналған жаӊа мақсат-міндеттер белгіледік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы еліміздіӊ сындарлы және бейбіт бастамалар, үйлесімді көпжақты сыртқы саясат арқылы халықаралық аренада зор беделге ие болғанын айтып өтті.

- Бұған Қазақстанныӊ 2017-2018 жылдардағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ мүшесі болып сайлануы дәлел. Біз Қауіпсіздік Кеӊесініӊ мүшесі ретінде әлем назарын өз өӊірімізге аударып, Орталық Азия үшін өзекті мәселелерді көтеретін боламыз, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ Жаһандық антиядролық қозғалысқа бастамашы болып, оныӊ көшбасшысына айналғанына назар аударды.

- Осы ретте, біз жаӊа бастама көтердік. Мен ядролық қарусыздану мен жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін халықаралық сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылдадым. Аталған сыйлықтыӊ алғашқы лауреаты болып Иордания королі ІІ Абдалла таӊдалды. Бұдан кейін арнаулы комитет құрылып, оныӊ шешімімен сыйлық жыл сайын Семей полигоныныӊ жабылғаны күні - 29 тамызда тапсырылатын болады, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ Жапониямен ынтымақтастығыныӊ стратегиялық маӊызын атап өтті.

- Премьер-министр Синдзо Абэніӊ былтырғы қазандағы Астанаға алғашқы сапары айтулы оқиға болды. Меніӊ Токиоға биылғы қарашадағы сапарым қарым-қатынасымызды жаӊа сапалы деӊгейге шығаруға ықпал етеді деп сенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Грекиямен байланыстарымызды дамытудыӊ елеулі перспективаларына тоқталды.

- Грек әріптестеріміздіӊ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды жандандыру ниетін қолдаймыз, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы Германиямен өзара іс-қимыл Қазақстан үшін Еуропалық бағыттағы ынтымақтастықта ерекше маӊызға ие болып отырғанын айтты.

- Біз аса жемісті және өзара сенімге негізделген биік деӊгейдегі диалогты жоғары бағалаймыз. Берлинге 2012, 2015 жылдардағы сапарларым және Федеральдық канцлер Ангела Меркельдіӊ Астанаға 2010 жылғы сапары екіжақты қарым-қатынасты жаӊа сапалы деӊгейге көтерді. Ынтымақтастық барысында Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы келісімніӊ және Қазақстанда Германияныӊ дуальды білім беру моделін енгізу туралы келісімніӊ жүзеге асуыныӊ мәні ерекше зор. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы биылғы Германия төрағалығыныӊ басымдығы бар бағыттарын және Берлинніӊ осы ұйымға қатысушы елдер арасындағы өзара сенімді қайта қалпына келтіру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ Швейцария елімен диалогы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

- Экономика және инвестиция салаларында айтарлықтай әлеует бар. 2016 жылдыӊ 7 айыныӊ ішінде екіжақты тауар айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларына жетті. Осы міндетті жүзеге асыруға Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Қазақстан-Швейцария іскерлік кеӊесі өз үлесін қосуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Нидерландтыӊ біздіӊ отандық экономикаға қосқан айтулы үлесіне назар аударды.

- Нидерланд біздіӊ экономикадағы шетелдік инвесторлардыӊ көшін бастап тұр. Гаагаға 2014 жылғы сапарым және Премьер-министр Марк Рюттеніӊ былтырғы желтоқсандағы Астанаға сапары екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға тыӊ серпін берді. Нидерландты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ 2018 жылғы тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ Ватиканмен арадағы қарым-қатынасты айрықша бағалайтынын айтты.

- Рим Папасы II Иоанн Павелдіӊ 2001 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға сапары барлығымыз үшін айтулы оқиға болды. Сол жолы ол Қазақстан жерінде "Зорлық-зомбылықсыз әлем" құруға шақырған болатын. Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі жұмысына Ватиканныӊ мәртебелі өкілдерініӊ белсене қатысқанын жоғары бағалап, ризашылық білдіреміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Австриямен арада жемісті диалог орнағанын атап өтті.

- Осы айда өтетін Қазақстан мен Австрия үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеӊестіӊ кезекті отырысына зор мән береміз. Австриядағы әріптестерге 2017 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету барысында табыс тілейміз. Біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Батыс пен Шығыс арасындағы диалогты нығайту мәселесі бойынша ынтымақтасуға әзірміз, - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Катарды Қазақстанныӊ сыртқы саяси бастамаларын әрдайым қолдайтын араб және мұсылман әлеміндегі маӊызды әріптес ретінде қарастыратынын жеткізді.

- Қатар әмірініӊ 2014 жылғы Астанаға сапары, меніӊ былтырғы Дохаға сапарым екіжақты сапалы өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізді. Экономикалық ынтымақтастық аясын кеӊейте түсу үшін Парсы шығанағымен байланыстыратын "Қазақстан - Түрікменстан - Иран" теміржолыныӊ мүмкіндігін пайдалану маӊызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті рәсімге қатысушыларды Астанадағы дипломатиялық қызметтерініӊ басталуымен тағы да құттықтап, оларға және отбасыларына зор денсаулық, табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны