02.08.2016, 15:25 4030

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудыӊ негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған жұмыс жоспары жөнінде мәлімдеді

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудыӊ негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған жұмыс жоспары жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, мұнай өӊдеу және энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардыӊ іске асырылу барысы, оныӊ ішінде жыл соӊына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, Теӊіздіӊ өндірістік қуаттылығын арттыру және Қарашығанақ кен орнындағы сұйық көмірсутегі өндірісін ұлғайту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жоғарғы деӊгейдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және экономикадағы энергия тасымалдау үшін өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту керектігіне назар аударды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті елдіӊ ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру үшін шаралар қабылдау және төмен көміртекті даму мен "жасыл экономикаға" өтуін қамтамасыз ету жөнінде жағдай туғызудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Энергетика министрі биыл мұнай өндіру көлемініӊ аздап қысқаруы әлемдегі негізгі энергетикалық ресурстарға бағаныӊ төмендеуімен байланысты болып отырғанын атап өтті.

- Бірінші жартыжылдықтыӊ қорытындысы бойынша 38,8 млн тонна мұнай өндірілді. Ол өткен жылғы осы кезеӊдегі өндіру көлемімен салыстырғанда 97% құрайды. Биыл жыл соӊына дейін өндіру көлемін 75 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 6,9 млн тонна мұнай өӊделді, ол былтырғы жылдыӊ көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 5% артық, - деді Қ.Бозымбаев.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны