08.04.2008, 17:53 3303

Мемлекет басшысы Эстония Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтелді қабылдады

Мемлекет басшысы Эстония Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтелді қабылдады

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтелді қабылдады, деп хабарлайды агенттік ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Хабарламада айтылғанындай, " кездесу кезінде қазақстан-эстонияның түрлі салаларындағы экономикалық қатынастарын дамыту жөнінде мәселе көтерілді".

"Біздік пікірімізше, Қазақстан Эстония арқылы мұнай, бидай, метал және тағы да басқа тауарларды тасымалдауға мүдделі. Эстонияның заманауи теңіз порттары бар және Қазақстанға тасымалдау бойынша қызмет көрсете алады", -деді А. Рюйтел журналистер үшін өткізілген брифингте.

Ол атап өткеніндей, "Эстонияның құрылыс фирмалары Астана нысандарының құрылыс жұмыстарына қатысуға мүмкіндігі бар".

"Эстония президенті болған кезімде мен 2004 жылы ресми сапармен Қазақстанға келгенмін. Бұл уақыт аралығында Астана жалпы мемлекет сияқты қатты өзгерді", - деп атап өтті А. Рюйтел.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны