14.08.2017, 19:00 4500

Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеӊес мүшелерімен кездесті

Кездесуге Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, Армения Республикасыныӊ Премьер-Министрі К.Карапетян, Беларусь Республикасыныӊ Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғыз Республикасыныӊ Премьер-Министрі С.Жээнбеков, Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы Д.Медведев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасыныӊ төрағасы Т.Саркисян қатысты.

Астана. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеӊес мүшелерімен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуге Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, Армения Республикасыныӊ Премьер-Министрі К.Карапетян, Беларусь Республикасыныӊ Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғыз Республикасыныӊ Премьер-Министрі С.Жээнбеков, Ресей Федерациясы Үкіметініӊ төрағасы Д.Медведев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасыныӊ төрағасы Т.Саркисян қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық үкіметаралық кеӊес мүшелерініӊ елордаға келгендеріне қуанышты екенін жеткізіп, кездесудіӊ Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесімен тұспа-тұс өтіп отырғанын айтты.

- Үкіметтер басшыларыныӊ өз мемлекетініӊ ұлттық павильондарына баруға, сондай-ақ Қазақстан мен өзге елдердіӊ экспозицияларын аралап көруге мүмкіндіктері бар. Еуразиялық экономикалық одақтыӊ үшінші жыл жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Бұл кезеӊ әлемдегі және одаққа мүше елдердіӊ ұлттық экономикасындағы күрделі ахуалдарға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, ортақ нарық пен бірыӊғай экономикалық құрылым құру басты фактор болып саналады, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы экономиканыӊ өсімі елдер арасындағы тауар айналымыныӊ артып, өзара қарым-қатынастардыӊ нығаюына тікелей байланысты екенін айтты.

- Біз осы уақыт ішінде дұрыс бағытта ілгерілей алдық деп есептеймін. Қазір орын алып отырған бірқатар мәселеге қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуымыз қажет. Алдымызда ел ішіндегі мәселелерді шешіп, өзара қарым-қатынасымызды одан әрі дамыта түсу міндеті тұр. Бұл жұмыстағы негізгі рөлді үкіметтеріміз атқарады. Бұл дегеніміз - экономикалық міндеттерді шешу, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттеу, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті кеӊестіӊ бүгінгі отырысы арқылы ұйымды әрі қарай дамытуға маӊызды үлес қосылатынын атап өтіп, қатысушылардыӊ жұмысына жеміс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны