25.06.2009, 12:21 1337

Мемлекет басшысы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумына қатысушыларға хат жолдады

Мемлекет басшысы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумына қатысушыларға хат жолдады

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумына қатысушыларға хат жолдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Президенттің құттықтауын ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин оқып берді. "Форум жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің көкейкесті проблемаларын шешудің жаңа тәсілдерін іздестіруге жәрдемдеседі деп үміттенемін. Тек күш -жігерімізді біріктіру арқылы ғана біз әлемді қауіпсіз ете аламыз", деп атап көрсеткен Н. Назарбаев форумға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатында.

"Қазақстан ядролық қарудан азат әлем үшін ғаламдық қозғалыс құруға күш салып отыр. Жуырда Семейде мен осыдан 18 жыл бұрын Семей сынақ алаңы жабылған күн - 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау жөнінде бастама көтердім. Біз бұл бастаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына ұсынуға дайынбыз".

Елбасы өзінің құттықтауында: "Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянс-Орталық Азия-Ауғанстан форматындағы диалогты белсенді қолдайды. Біздің ел Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесудегі халықаралық күштердің қызметін қолдайды", деп атап көрсеткен.

Мемлекет басшысы 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайланған төрағасы ретінде Қазақстан ұйымның кеңістігінде жаппай бейбітшілікті жақтауға және Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты орнатуға өз үлесін қосуға ниетті екенін атап өткен. "Біздің аймағымыздың феномені сонда, Орталық Азияның мемлекеттері бір мезгілде еуропалық және азиялық құрылымдардың мүшесі болып табылады. Бұл Еуразияның барлық аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздік кеңістігін кеңейту үшін жағдай жасайды", деген Н. Назарбаев.

Президент форумға жемісті жұмыс пен табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны