16.03.2010, 17:51 3398

Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоғлумен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоғлумен кездесті

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) төрағасы Мевлют Чавушоғлумен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент М.Чавушоғлуды ЕКПА төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтады және осы мәртебелі және жауапты қызметте табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Парламенттік Ассамблеясымен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. Қазақстандық депутаттар Ассамблеяның бюросына ұдайы қатысады, ЕКПА өкілдері Қазақстандағы сайлауға бақылаушы ретінде қатысты. Еуропа Кеңесі диалогы аясында Қазақстан Еуропалық мәдениет конвенциясына, Болондағы білім беру үдерісіне қосылу, қылмыстық және азаматтық-құқықтық саладағы Еуропа Кеңесінің алты конвенциясына қосылу жөніндегі жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді.

Мемлекет басшысы еуропалық парламентарилердің қызметі, әсіресе, инновациялық даму мәселесіндегі заңнамалық жұмыс тәжірибесі Қазақстан парламенті үшін пайдалы екенін атап көрсетті.

Кездесу барысында ЕКПА төрағасы қазақстандық саяси және экономикалық реформаларға жоғары баға берді.

Еуропа Кеңесі Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі кезеңінде мейлінше көмек көрсетеді және биылғы жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы ел бастамасын қолдайды.

"Мен осында келген сайын Қазақстанның қандай жетістікке жеткенін, оның астанасы қалай гүлденіп келе жатқанын көремін. Мен үшін, ЕКПА төрағасы үшін - бұл үлкен қуаныш және мақтаныш", - деді М.Чавушоғлу журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны