16.11.2015, 13:36 3766

Мемлекет басшысы Француз Республикасыныӊ Қазақстандағы елшілігіне барды

Мемлекет басшысы Франция мен біздіӊ еліміздіӊ арасындағы айрықша жоғары деӊгейдегі қарым-қатынасты, сондай-ақ таяуда өткен сапар барысында Қазақстан тарапына көрсетілген сый-құрметті бағалай отырып, Қазақстан халқыныӊ атынан көӊіл айту үшін елшілікке арнайы келгенін айтты

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - Елбасы Францияныӊ еліміздегі дипломатиялық миссиясына барып, көӊіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Франция мен біздіӊ еліміздіӊ арасындағы айрықша жоғары деӊгейдегі қарым-қатынасты, сондай-ақ таяуда өткен сапар барысында Қазақстан тарапына көрсетілген сый-құрметті бағалай отырып, Қазақстан халқыныӊ атынан көӊіл айту үшін елшілікке арнайы келгенін айтты, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Парижде зұлымдықпен жасалған террорлық әрекеттер салдарынан көптеген жазықсыз азаматтар қаза болғанын атап өтті.

Осы азалы күндері біз Франция халқымен біргеміз. Бұл ел әлемдік тарих пен мәдениет ошақтарыныӊ бірі саналады. Сондықтан мұндай оқиға біздіӊ бәрімізге де ауыр тиеді. Бұл наразылық пен қынжылыс тудырып қана қоймайды, барша адамзатты осындай әрекеттерге қарсы күресуге үндейді. Терроризмніӊ ұлты мен діні болмайды. Бұл - жалпыға ортақ қасірет. Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ таяуда өткен сессиясында мен "Ислам терроризмге қарсы" форумын ұйымдастыру, сондай-ақ осынау зұлымдықпен күрестіӊ дүниежүзілік желісін құру туралы ұсыныс айттым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны