14.10.2015, 11:12 5412

Мемлекет басшысы ғарышкер Айдын Айымбетовті марапаттау рәсіміне қатысты

Жиналғандарға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті бір ай бұрын Қазақстан ғарышкерініӊ халықаралық экипаж құрамында алғашқы 10 күндік ғарыш сапарына ұшқанын атап өтті

Астана. 14 Қазан. Kazakhstan Today - Жиналғандарға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті бір ай бұрын Қазақстан ғарышкерініӊ халықаралық экипаж құрамында алғашқы 10 күндік ғарыш сапарына ұшқанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айдын Айымбетов тәуелсіз Қазақстанныӊ үшінші ғарышкері атанды. Мен еліміздіӊ бағындырған жаӊа жетістігімен бүкіл халқымызды құттықтаймын. Біздіӊ қазіргі заманғы тарихымыздағы осы ұлы оқиғаға кәсіби тұрғыдан үлесін қосқандардыӊ бәріне алғыс айтамын. Ресейлік серіктестер мен басшыларға, сондай-ақ экспедицияныӊ шетелдік мүшелеріне айрықша ризашылық білдіремін, - деді Мемлекет басшысы. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев ғарышты игеру әрқашан адамзаттыӊ еӊ аӊсарлы арманыныӊ бірі болғанын атап өтті.

Бүгінде бұл - барлық жер шары тұрғындарыныӊ еӊ биік миссиясы. Біздер, қазақстандықтар байтақ жерімізде бүкіләлемдік ғарыш айлағы - Байқоӊырда алпыс жыл бойы жұмыс жүргізіліп келе жатқанын мақтан етеміз. Ғарышкерлерді Жер жүзі осы жерден, Қазақстаннан шығарып салады. Адамзаттыӊ ғалам туралы танымын кеӊейтетін күрделі экспедициялардан кейін оларды осында қарсы аламыз. Ғарышқа ұшқан жарты ғасырдан астам уақыт ішінде 38 елдіӊ 545 ғарышкері ғарыш кеӊістігінде болып қайтты. Сол елдердіӊ қатарында Қазақстан да бар А.Айымбетовтіӊ сәтті сапары еліміздіӊ ғарыш жылнамасыныӊ жаӊа парағын ашты, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы біздіӊ республикамыз ғарыш кеӊістігін бағындырған азаматтарыныӊ саны үшеуден кем емес әлем бойынша 9 елдіӊ бірі болғанына назар аударды

Бұл - Күн жүйесініӊ кеӊістігін зерттеу және игеру ісіне өзге елдермен бірге атсалысып отырған Қазақстанныӊ ғарыштық болашағы үшін жасалған жаӊа қадам. Жердіӊ тартылыс күшін еӊсеруге ұмтылыс адамныӊ еӊ ұлы ерлігініӊ бірі болды, солай болып қала береді. Ол еӊ батыл әрі лайықтыныӊ ғана қолынан келеді. Осындай батырдыӊ бірі біздіӊ үшінші ғарышкеріміз А.Айымбетов болып отыр. Сондықтан мен оған Халық Қаһарманы және "Қазақстанныӊ ғарышкер-ұшқышы" атағын, сондай-ақ Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осы еӊ жоғары марапаттар оныӊ Қазақстан халқыныӊ игілігі үшін жасаған ерлігін айғақтайды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жаӊа Халық Қаһарманы А.Айымбетов енді еліміздіӊ көрнекті батыр-ғарышкерлері қатарында болатынын айтты.

Біздіӊ тұӊғыш ғарышкеріміз Тоқтар Иубәкіровтіӊ 24 жыл бұрынғы ғарышқа сапары Қазақстан Тәуелсіздігініӊ алтын бастауы болды. Осы ұшуды жүзеге асыру үшін қаншама қиындықтарды еӊсеруге тура келгені есімізде. Екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев - жалпы жиынтығы 341 тәулікке созылған 3 ғарыш экспедициясына қатысты. Ол - ашық ғарыш кеӊістігіне 8 рет шығып, 42 сағаттан астам уақыт болған тұӊғыш қазақ. Талғат Мұсабаев - Қазақстан мен Ресейдіӊ ғарыш саласындағы ынтымақтастығыныӊ, халықтарымыздыӊ мәӊгілік достығы мен тату көршілестігініӊ символы, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев А.Айымбетовтіӊ Қазақстанныӊ ғарыштық зерттеулерініӊ бесінші бағдарламасын жүзеге асырғанын атап өтті.

Салмақсыздық жағдайында "кулонды кристалл" алу жөніндегі зерттеулер жүргізілді. Елдіӊ экологиялық проблемалары бар өӊірлерін, еӊ алдымен Аралды мониторингтеу және суретке түсіру жұмыстары жасалды. Бірқатар маӊызды сынақтар денсаулық сақтау саласына қатысты болды, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан ғарышкерініӊ бұл сапары ұлттық экономиканыӊ инновациялық ғарыштық саласын дамытудыӊ жаӊа кезеӊініӊ бастауы болғанына назар аударды.

Атап айтқанда, Астанада бүгінде ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені салынуда, ол жер серіктерін жобалау, құрастыру және сынау жөнінен ТМД-да баламасы жоқ жоғары технологиялы кәсіпорын болады.

Сонымен қатар, 2014 жылы жоғары дәлдіктегі жерсеріктік навигация жүйесініӊ жердегі инфрақұрылымы қалыптасты, ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін жобалау жұмыстары аяқталуда. Қазақстанныӊ ғарыш саласына қажетті кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесі құрылды, ол ғарыш мамандықтары бойынша студенттерді Қазақстанныӊ жоғары оқу орындарында, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелдерде оқыту ісін қамтиды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазғарыштыӊ ғылыми мекемелері өткен төрт жыл ішінде 37 ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырып, өнертабыс үшін 5 патент алғанына тоқталды.

Соӊында Мемлекет басшысы еліміздіӊ жаӊа Халық Қаһарманы Айдын Айымбетовті еӊ жоғарғы мемлекеттік наградасымен құттықтап, өзіне жүктелген міндетті оныӊ табысты орындағанын айтты.

А.Айымбетов өзініӊ сапары Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қамқорлығы мен қолдауыныӊ арқасында жүзеге асқанын айтып, Елбасыға алғысын білдірді.

Мен үшін бүгін өмірімдегі еӊ бақытты әрі толқулы күн болды. Өйткені, мен Президенттіӊ қолынан Отанымныӊ еӊ жоғарғы наградасын алдым. Мен сіздіӊ тапсырмаӊызбен 1998 жылдан бері ғарышқа ұшуға дайындалдым. Халықаралық экипаж құрамында Қазақстанныӊ атынан өкілдік ету мен үшін биік мәртебе, - деді Қазақстан ғарышкері.

Ол сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттердіӊ орындалғаны туралы баяндады.

Ұшу сапары барысында Қазақстанныӊ ғарыштық зерттеу бағдарламалары іске асырылды. Қазғарыштыӊ ғылыми бағдарламасы бойынша Арал және Каспий теӊіздеріне мониторинг жасалды. Сондай-ақ микрогравитация жағдайында микробөлшектердіӊ физикалық қасиеттері зерттелді. Мұныӊ бәрін біздіӊ ғалымдарымыз термоядролық энергетика, плазмалық медицина, нанотехнология және тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын болады. Кейін олар Қазғарыш пен халықаралық ғарыштық ынтымақтастық аясында жалғасады, - деді А.Айымбетов.

Қазақстан ғарышкері өзініӊ бар күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін еліміздіӊ ғарыш саласын одан әрі дамытуға жұмылдыратынына сендірді.

Соӊында А.Айымбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық ғарыш стансасы бортында планетамызды 150 реттен астам айналып шыққан Мемлекеттік туымызды табыс етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны