13.01.2016, 15:58 4232

Мемлекет басшысы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге Түркия Республикасыныӊ Стамбул қаласында болған террорлық акт салдарынан неміс азаматтарыныӊ қаза табуына байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта қайғылы оқиға туралы хабарды Елбасыныӊ зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жеделхатта қайғылы оқиға туралы хабарды Елбасыныӊ зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмніӊ кез келген түрін айыптайды және бүкіл халықаралық қоғамдастықтыӊ оған қарсы күресін қолдайды", - делінген жеделхатта, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан А.Меркельге, қаза болғандардыӊ туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Германия халқына шын ниетпен көӊіл айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны