04.09.2009, 16:14 2664

Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулерді халықаралық тәуелсіз сараптауды енгізу қажет деген пікірде

Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулерді халықаралық тәуелсіз сараптауды енгізу қажет деген пікірде

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми зерттеулерді халықаралық тәуелсіз сараптауды енгізу қажет деген пікірде. Бұл туралы президент бүгін ғылым және ғылыми саясат жөніндегі кеңестің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен ұсынылған жобаларды халықаралық тәуелсіз сараптаудан өткізуді қолданысқа енгізу қажет дегенді толық қолдаймын", - деді Н. Назарбаев.

Барлық жобалар мен ғылыми зерттеулер халықаралық тәуелсіз сараптаудан өтуі тиіс, деді ол.

"Барлық ғылыми кеңестердің жұмысшы органы - ғылыми сараптама орталықтары болуға тиіс. Ол біздің барлық жұмысымыздың біртұтастығын қамтамасыз ету үшін қажет. Олар сараптаманың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл да "Ғылым туралы" заңда жазылуы қажет", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны