04.09.2009, 15:32 1460

Мемлекет басшысы ғылыми зеттеулер аясында өткізілетін байқауларды мемлекеттік сатып алулар туралы заңның құзыры аясынан шығару қажет деп санайды

Мемлекет басшысы ғылыми зеттеулер аясында өткізілетін байқауларды мемлекеттік сатып алулар туралы заңның құзыры аясынан шығару қажет деп санайды

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми зеттеулер аясында өткізілетін байқауларды "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңның құзыры аясынан шығару қажет деп санайды. Бұл туралы президент бүгін Ақордада ғылым және ғылыми саясат жөніндегі кеңестің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ғылыми зерттеулердің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік сатып алулар туралы заңның реттеу саласынан ғылыми зеттеулер аясында өткізілетін байқаулық процедураларды толық шығару қажет", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, Ғылым және білім министрлігі мен Ғылым комитеті жаңа ғылыми жүйенің жұмыс істеуіне қажетті барлық қаржылық, материалдық-техникалық мәселелерді шешуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны