10.09.2017, 22:42 3647

Мемлекет басшысы халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ жабылу рәсіміне қатысты

- Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теӊге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардыӊ қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанныӊ астанасы бүкіл әлемніӊ назарын өзіне аударды, - деді Елбасы.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ жабылу рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Астана мен еліміздіӊ барлық өӊірлері күш жұмылдырғаныныӊ арқасында "ЭКСПО-2017" көрмесі табысты өткенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев көрменіӊ Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оӊ әсер еткенін ерекше атап өтті.

- Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теӊге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардыӊ қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанныӊ астанасы бүкіл әлемніӊ назарын өзіне аударды, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы көрме аясында өткен мәдени және халықаралық шараларға тоқталды.

- Күн сайын елордамыз төрткүл дүниеніӊ түкпір-түкпірінен жеткен түрлі мәдениеттіӊ әуені мен нақышына бөленіп тұрды. Бүгінгі салтанатты рәсім Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитімен тұспа-тұс келіп отыр. Онда ислам әлеміндегі ғылыми-техникалық дамудыӊ маӊызды мәселелері талқылануда. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыӊнан астам түрлі іс-шара өткізілді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ Еуразия өӊіріндегі қауіпсіз әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оӊ имиджін нығайта түскенін атап өтті.

Мемлекет басшысы "Болашақтыӊ энергиясы" аясында озық идеялар мен технологиялардыӊ дамуына түрткі болған және әлемде ғылымныӊ өзара ықпалдастығын нығайтуға септігін тигізген көрменіӊ бірқатар жағымды аспектілеріне тоқталды.

- ЭКСПО бүкіл әлемніӊ интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаӊартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаӊалық көпшілік назарына ұсынылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ЭКСПО аясында қазіргі заманғы энергетикалық саясаттыӊ басымдықтары жөнінде жаһандық диалог ұйымдастырылғанын және энергетика мен экология саласындағы заманауи проблемаларды шешуге арналған ұсынымдар әзірленгенін атап өтті.

- ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздіӊ ел "жасыл" технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздіӊ көрме "таза энергетиканы" жаһандық деӊгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейін пайдалану жоспары жөнінде ой бөлісті.

- "Нұр Илем" және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар "ЭКСПО мұрасы" ретінде сақталады. Көрменіӊ аяқталуы бірнеше ауқымды жаӊа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Еӊ алдымен, мұнда "Астана" халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "жасыл" технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты және ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін құруға арналған жобаларға тоқталды.

- "ЭКСПО" көрме кешені толығымен инновациялық және орнықты дамудыӊ мақсаттарына одан әрі қызмет ететін болады. Баршаӊызды жаӊа орталықтардыӊ жұмысына белсенді атсалысуға шақырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті көрмені өткізуге үлес қосқандардыӊ бәріне алғыс айтып, келген қонақтарға ерекше ризашылығын білдірді.

- Осымен халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын! Оныӊ идеясыныӊ толығымен жүзеге асуына қолдау көрсеткен Қазақстан халқына ризашылығымды білдіремін. Көрменіӊ сәтті өтуіне мыӊдаған адам атсалысып, еӊбек етті. Баршаӊызға Қазақ жеріндегі айтулы шараға белсене қатысқандарыӊыз үшін алғыс айтамын, - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны