25.02.2016, 14:52 3647

Мемлекет басшысы Халықаралық көрмелер бюросыныӊ бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті

Қазақстан Президенті В.Лоссерталеске алдағы іс-шараны ұйымдастыру мәселелеріне ұдайы көӊіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті В.Лоссерталеске алдағы іс-шараны ұйымдастыру мәселелеріне ұдайы көӊіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сіздіӊ келуіӊіздіӊ және жұмысымызға баға беруіӊіздіӊ біз үшін маӊызы зор. Мен құрылыс пен дайындық барысын үнемі қадағалап отырмын, жұмыс кестесінен кешеуілдеу жоқ. Қазір көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан жабдықтау алдыӊғы орынға шықты. Құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін бітіріп, тікелей "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге дайындықты бастау міндеті қойылып отыр, - деді Мемлекет басшысы.

В.Лоссерталес дайындық жұмыстары барысымен танысып, "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ халықаралық қатысушыларыныӊ жиналысына қатысына қатысу үшін келгенін айтты.

Құрылыс алаӊын көргеннен кейінгі керемет әсерімді Сізге жеткізгеніме қуаныштымын. Архитектуралық көзқарас тұрғысынан барлық ғимараттар үйлесімді, ал функционалдық тұрғыдан бәрі ойластырылған әрі ыӊғайлы салынуда. Құрылыс кідіріссіз, тіпті кестеден оза жүргізіліп жатыр. Негізгі мазмұндық жабдықтау бағдарламасы өте салиқалы әрі айқын, енді павильондардыӊ ішкі сапалық мазмұны оған жауапты компанияларға байланысты, - деді Халықаралық көрмелер бюросыныӊ бас хатшысы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны