24.05.2016, 13:37 3668

Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорыныӊ басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен қордыӊ ынтымақтастығыныӊ негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесініӊ дамуындағы маӊызды үрдістер (трендтер) талқыланды

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қазақстан мен қордыӊ ынтымақтастығыныӊ негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесініӊ дамуындағы маӊызды үрдістер (трендтер) талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев ХВҚ-ныӊ Өӊірлік конференциясын Астана экономикалық форумы қарсаӊында Қазақстанда өткізу туралы шешімніӊ біз үшін маӊызды қолдау болғанын атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан өз тәуелсіздігініӊ алғашқы күнінен бастап Халықаралық валюта қорымен ынтымақтасып келе жатқанын айтты.

- Қор қызметкерлері алғашқы жылдары техникалық және қаржылық тұрғыдан зор көмек көрсетті. Бұрынғы кеӊестік өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздіӊ ел тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына дейін көп нәрсені жүзеге асыра алды. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы да әлемдік экономика сияқты күрделі кезеӊді бастан өткеруде. Бұған бірқатар факторлар, соныӊ ішінде шикізат ресурстары бағасыныӊ төмендеуі, қазір біз жүзеге асырып жатқан құрылымдық реформалардыӊ кешіктірілуі, сондай-ақ Ресейге қатысты ахуал мен Қытайдағы экономикалық жағдай ықпал етіп отыр. Соған қарамастан біз ІЖӨ төмендеуіне жол бермей, оӊ динамиканы қамтамасыз еттік және оны биыл да сақтаймыз деген үміттемін. Біздіӊ республика алты жылдан бері экономиканыӊ шикізат ресурстарына тәуелділігін азайту шараларын жүзеге асырып жатыр, - деді Қазақстан Президенті.

К.Лагард бірқатар мемлекеттер үкіметтерініӊ экономикалық блогыныӊ басшылары бірінші рет қатысқалы отырған Өӊірлік конференцияныӊ табысты өтетініне сенім білдірді.

ХВҚ басқарушы директоры сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа қормен арадағы серіктестіктіӊ жолға қойылғаны үшін алғыс айтты. Осы серіктестік аясында Қазақстанға қажетті қолдау, соныӊ ішінде техникалық сипаттағы қолдау көрсету жалғасып келеді.

Сонымен қатар, К.Лагард елді экономикалық, индустриялық және инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі Қазақстан жүзеге асырып жатқан реформаларды ХВҚ қолдайтынына назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны