27.05.2015, 13:42 3851

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасыныӊ Премьер-Министрі Зоран Милановичті қабылдады

Кездесу барысында екі елдіӊ сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылын жандандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар қарастырылды

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында екі елдіӊ сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылын жандандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті еліміз бен Хорватия арасында достық қатынастар орнағанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Мен тиімді екіжақты экономикалық байланыстар орнату үшін Хорватияға бірнеше рет бардым, өйткені біздіӊ елдеріміздіӊ арасында бұған ешқандай кедергі жоқ. Біздіӊ елмен жұмыс істегісі келетін хорват компанияларымен өзара ықпалдастық жөнінде меніӊ тарапымнан тиісті тапсырмалар берілген, - деді Мемлекет басшысы.

З.Миланович Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығыныӊ қарқыны артып келе жатқанын, бұл өзара қарым-қатынастыӊ негізгі салаларына оӊ ықпал етіп отырғанын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны