20.05.2014, 21:52 3161

Мемлекет басшысы "Хуавэй" директорлар кеңесінің төрайымымен кездесті

Президент Н. Назарбаев "Хуавэй" корпорациясы директорлар кеңесінің төрайымы Сунья Фанмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Президент Н. Назарбаев "Хуавэй" корпорациясы директорлар кеңесінің төрайымы Сунья Фанмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында корпорацияның Қазақстандағы қазіргі жұмысының негізгі мәселелері, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылды.

Мемлекет басшысы біздің елдегі телекоммуникациялық саланың деңгейі қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті және Қазақстанның корпорациямен ынтымақтастыққа аса мүдделі екеніне тоқталды.

Сунья Фан өз компаниясы жұмысының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп, оны бұдан әрі дамыту жөніндегі жоспарларын баяндады.

"Huawei Technologies" корпорациясы телекоммуникациялық құрал-жабдық шығару жөнінен әлемдегі жоғары технологиялық ірі кәсіпорын болып саналады. Корпорацияның Қазақстандағы өкілдігі 1999 жылы ашылды. Компания елдің жетекші байланыс операторларының негізгі жеткізушісі және стратегиялық серіктесі болып саналады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны