01.07.2016, 16:54 4910

Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламасыныӊ 2016 жылғы І жартыжылдықтағы жүзеге асырылу қорытындыларына арналған кеӊеске қатысты

"Өсім қарқыны бойынша өӊдеу өнеркәсібі тау-кен өндіру секторын 1,4 есе басып озады. Осылайша экономикамыздыӊ құрылымы жақсаруда. Қазақстанныӊ өӊдеу өнеркәсібі оӊ нәтижелер көрсетуін жалғастырып отыр"

Астана. 1 шілде. Kazakhstan Today - Елбасы іс-шара алдында тамақ өнеркәсібі мен жеӊіл өнеркәсіптіӊ және фармацевтика өндірісініӊ халық тұтынатын тауарларымен танысып, "Қазақстанда жасалған" атты көрмені аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпыұлттық телекөпір аясында Индустрияландыру картасыныӊ бірқатар жобалары іске қосылды. Бұдан бөлек, істеп тұрған өндірістердіӊ жұмысы таныстырылды.

Кеӊеске қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы іске қосылған өнеркәсіптер ел экономикасыныӊ дамуына өз үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті.

- Индустрияландыру - жаӊа экономикалық ахуалдағы біздіӊ жұмысымыздыӊ басты бағытыныӊ бірі. Осыдан 6 жыл бұрын елдіӊ индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын үдетуді бастаған болатынбыз. Осы уақыт ішінде өнеркәсіптіӊ өӊдеу секторында мыӊнан астам кәсіпорын іске қосылды. Қазақстанда бұған дейін өндірілмеген 500-ге жуық өнімніӊ мүлде жаӊа түрлері шығарыла бастады. 200 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны ашылды, - деді Қазақстан Президенті.

Елбасыныӊ айтуынша, индустрияландыру бағдарламасыныӊ басты нәтижелерініӊ бірі өӊдеуші салалардыӊ оза дамуы болды.

- Өсім қарқыны бойынша өӊдеу өнеркәсібі тау-кен өндіру секторын 1,4 есе басып озады. Осылайша экономикамыздыӊ құрылымы жақсаруда. Қазақстанныӊ өӊдеу өнеркәсібі оӊ нәтижелер көрсетуін жалғастырып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығын іске асырудыӊ бастапқы кезеӊі елдіӊ ішкі өндірісі мен қазақстандықтардыӊ әл-ауқатынан көрінетін әлемдік экономикадағы түйткілдердіӊ көбеюі кезеӊімен сәйкес келгенін атап өтті.

Осыған орай Мемлекет басшысы Индустрияландыру бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігіне назар аударды.

- Баршамыз көріп отырғандай, ел экономикасы тауарларымызға деген сұраныс пен бағаныӊ төмендеуі арқылы көрініс тапқан зор сыртқы қысымды сезінуде. Елдегі экономикалық белсенділік көп жағдайда ауқымды мемлекеттік инвестициялар арқылы қолдау тауып отыр. Сондықтан қазіргі кезде экономика өсімініӊ жаӊа көздерін қалыптастыру қажет. Осыған байланысты, алдағы жылдары Үкіметтіӊ күш-қуатын бірнеше экспортқа бағытталған басым салаларға шоғырландыру керек. Мысалы, олар өнеркәсіп саласында азық-түлік өнімдері өндірісі, металлургия, машина жасау, агрохимия және мұнай химиясы өндірісі болуы тиіс. Қызмет көрсету саласында көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, инженерлік-техникалық қызметтер және туризмге назар аудару керек. 2025 жылы шикізаттық емес экспортты 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе арттыруға қол жеткізу қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтудыӊ аясын кеӊейту қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы жақсы нәтижелер болғанына қарамастан, индустрияландыру үдерісінде кемшіліктер де бар екенін айтты.

- Өнеркәсіптік өндірістерді көптеп құру мақсат болмау керек. Негізгі назарды жобалардыӊ сапасы мен өміршеӊдігіне аударған жөн. Сондықтан, қазіргі бесжылдықта жобаларды іріктеу және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету олардыӊ бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін ескере отырып қана жүзеге асырылуға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін еліміздіӊ алдынан ашылған мүмкіндіктер туралы айта келіп, Үкіметке Қазақстандық тауарлар мен қызметтердіӊ сыртқы нарықтарға шығуын қолдау жөніндегі шараларды әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысы қазіргі заманғы сарапшылардыӊ көпшілігініӊ бағалауы бойынша, әлем өзгергенін және жаӊа жағдайда өмір сүріп жатқанын, бұл кезде "ресурстар экономикасыныӊ" орнына "білім экономикасы" келетінін айтты.

- Бірінші орынға жаӊашыл (креативті) және өнімділігі жоғары жеке бизнес шығып отыр. Қазір әлемде технологиялардыӊ дамуы арқасында заттар интернеті, нано және биотехнологиялар, жаӊа материалдар және тағы басқа жаӊа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Болжам бойынша, болашақта жаӊа технологиялар ғана 30-дан 70 пайызға дейінгі ІЖӨ өсімін қамтамасыз ететін болады. Егер біз жаӊа технологиялармен және инновациялармен айналыспайтын болсақ, бәсекелестікте табысты болмаймыз. Сондықтан, 2014-2015 жылдардыӊ өзінде ғана ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстары 142 миллиард теӊгеге қаржыландырылды. Илемдік тәжірибе жоғары оқу орындары ғалымдар ғана емес, студенттер арқылы да әзірленетін инновациялық шешімдер орталығын қалыптастырушы болып табылатынын көрсетіп отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті университеттер жанынан инновациялар орталығын құру жұмыстарын жандандыру міндетін қойды, оларда қазіргі заман талаптарына сай келетін кадрлар даярлануға тиіс.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жоспарын толықтыруға қосар бірқатар ұсыныстарын айтты.

- Біздіӊ қызметіміздіӊ басты мақсаты - халықты лайықты табыс деӊгейімен қамтамасыз ете алатын жемісті түрдегі жұмыспен қамту ісі. Бұл үшін бізге бірқатар міндеттерді орындау керек, соныӊ ішінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет. Халыққа, жастарға әсіресе ауылда өз ісін бастауға мүмкіндік беру керек. Бастапқы капитал алуды жеӊілдетіп, шағын несие беру аясын ұлғайтқан дұрыс. Агроөнеркәсіп кешеніне айрықша назар аударған жөн. Бүгінде ол негізінен халықтыӊ жеке үй шаруашылығынан тұрады. Өндіріс көлемі аз болғандықтан, олардыӊ сақтауға, өӊдеуге және өнімді өткізуге мүмкіндіктері жоқ. Олардыӊ өнімдерін өӊдеу және өткізуді қамтамасыз ету үшін осындай шаруашылықтарды кооперациясын жеделдетіп дамыту қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті халық табысыныӊ өсімін барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі басымдық ретінде қарастыру қажеттігіне айрықша назар аударды.

- Қымбат импорттық тауарларды отандық өнімдермен алмастыру керек. Үкімет пен Ұлттық банк халықтыӊ табысына тікелей әсер ететін инфляция деӊгейін төмендетудіӊ қамтамасыз етілуін қадағалауы қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жерді суару және ирригация жүйесін қалпына келтірудіӊ кешенді жүйесін әзірлеу қажеттігіне тоқталып, бес жылда 600 мыӊ гектардан астам суармалы жерді іске жаратуға болатынын атап өтті.

Қазақстан Президентініӊ айтуынша, тағы бір маӊызды міндет - таяу 15 жылда 1,5 миллион отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.

- Бұл ретте қаржыландыру Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі мен Қазақстандық ипотекалық компания арқылы жүргізілуге тиіс. Барлық қаражатты шоғырландырып, арнаулы шарт жасалатын екінші деӊгейлі банктер арқылы бағыттау керек. Мемлекет өзіне тек бақылау міндетін қалдыруы қажет. Сонымен қатар, болашақта жұмыс күші қозғалысыныӊ мобильділігін қамтамасыз ету үшін сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана берген жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев барлық азаматтарды техникалық біліммен тегін қамтамасыз ету және инвестицияныӊ макроэкономикалық тұрақтылығы мен өсімі үшін жағдай туғызу жөніндегі қойылған бұған дейінгі міндеттерді еске салды.

- Үкімет пен Ұлттық банк екінші деӊгейлі банктердіӊ шағын және орта бизнесті қаржыландыруына басымдық бере отырып, экономиканы несиелендіру көлемін қалыпқа келтіруі жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

Үкіметке қолданыстағы бағдарламаларды, соныӊ ішінде индустриялық бағдарламаны бүгін жүктелген міндеттерді ескере отырып қайта жаӊартуды тапсырамын. Осы мәселеніӊ бәрін Үкімет, Ұлттық банк және барлық жауапты ведомстволар 1 қыркүйекке дейін қарастырып, ол бюджетте ескерілуі тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан барлық реформалар еліміздіӊ дамуы үшін жаӊа сапалы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Іс-шара барысында инвестиция және даму министрі Ж.Қасымбек баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен индустрияландыру бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығын жүзеге асырудағы жаӊа қадамдар туралы әӊгімеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны