01.09.2009, 12:55 1459

Мемлекет басшысы индустриялық саясат пен ғылым жөніндегі заңдардың жобасын жеделдете жасауды тапсырды

Мемлекет басшысы индустриялық саясат пен ғылым жөніндегі заңдардың жобасын жеделдете жасауды тапсырды

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустриялық саясат пен ғылым жөніндегі заңдардың жобасын жеделдете жасауды тапсырды. Бұл туралы Елбасы Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанның экономикасын дамыту және индустриаландыруға бағытталған біздің барлық шараларымыз жақсы заңнамамен қамтамасыз етілуге тиіс. Сол себепті индустриялық саясат пен ғылым жөніндегі заңдардың жобасын жеделдете жасауға басымдық берілуге тиіс. Үкіметке оларды тезірек жасап, парламентке ұсынуды тапсырамын", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, "ғылым туралы жаңа заң тиімді индустриялық саясатқа септігін тигізуге, ол инновацияларға, ең озық білімдер мен технологияларға негізделуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны