03.10.2016, 10:15 3871

Мемлекет басшысы Иордания королін елдегі парламент сайлауыныӊ табысты өтуімен құттықтады

Екі ел көшбасшылары Қазақстан-Иордания серіктестігініӊ басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ өзара сапармен бару тәжірибесін қалыптастыру жөнінде уағдаласты.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Иӊгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Иордания монархын елдегі парламент сайлауыныӊ табысты өтуімен және үкіметтіӊ жаӊа құрамыныӊ жасақталуымен құттықтады.

Екі ел көшбасшылары Қазақстан-Иордания серіктестігініӊ басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ өзара сапармен бару тәжірибесін қалыптастыру жөнінде уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны