12.04.2016, 14:38 4129

Мемлекет басшысы Иран холдингтері мен компанияларыныӊ басшыларымен кездесті

Кездесуге түрлі салаларда, соныӊ ішінде энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тау-кен өндіру салаларында жұмыс істейтін Imidro, Ghadir Investments Group, Sunir Group, IRISL, Jahad-eSabz сияқты 20-дан астам Иран компанияларыныӊ басшылары қатысты

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесуге түрлі салаларда, соныӊ ішінде энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тау-кен өндіру салаларында жұмыс істейтін Imidro, Ghadir Investments Group, Sunir Group, IRISL, Jahad-eSabz сияқты 20-дан астам Иран компанияларыныӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Компания басшылары Қазақстанмен арада бірқатар игерілген және жаӊа бағыттар бойынша ынтымақтастықтыӊ әлеуеті зор екенін атап өтті. Соған орай олар жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы айта келіп, байланыстарды жолға қою мәселесіне зор қызығушылық танытты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті де бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға мүдделілік бар екенін білдірді. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев Иран компанияларын "Қазақстан-Түрікменстан-Иран" теміржолыныӊ әлеуетін белсене пайдалануға шақырды.

Мемлекет басшысы біздіӊ елмен өзара іс-қимылдыӊ артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Қазақстанныӊ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылуы Иран компанияларына одақтыӊ өзге елдерімен кедендік баж салығынсыз сауда жасауына мүмкіндік береді. Бұған қоса, біздіӊ ел таяуда Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылды, еуропалық одақпен кеӊейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойды, сондай-ақ өӊірде инвестициялық ахуал еӊ үздік көрсеткіштерге ие болып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз инвесторлар үшін инвестициялық субсидияларды, заӊнама тұрақтылығын, салық жеӊілдіктерін қарастыратын ауқымды артықшылықтар топтамасын ұсына алатынын айтты. Бұған қосымша, "100 нақты қадам" ұлт жоспары аясында инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде бірқатар реформа жүзеге асырылуда. Сондай-ақ елде ауқымды жекешелендіру жүргізілуде. Халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды.

Қазақстан Президенті келесі жылы елімізде "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбымен "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетінін еске салды және соған байланысты балама энергетика саласындағы озық технологияларға қызығушылық бар екенін айтты.

Мемлекет басшысы қазіргі кезде Қазақстанда басымдылығы бар бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын, оларға Иран компаниялары қатыса алатынын атап өтті. Бұлар - инфрақұрылымды дамытуға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы, индустрияландыру бағдарламасыныӊ екінші кезеӊі және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы.

Сонымен қатар Қазақстан Иранмен медицина, биотехнология, агротехнология, ғарыш технологиясы сияқты салаларда ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Сондай-ақ өзара іс-қимыл қазіргі кезде елімізде дамытылып жатқан инновациялық кластерлер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Иран компанияларыныӊ сындарлы ынтымақтастыққа деген ниетін Қазақстан жоғары бағалайтынына назар аударып, оларға жұмыстарыныӊ жемісті болуына тілектестігін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны