19.05.2009, 19:26 3030

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С.Баймағанбетов елдегі қылмыстық ахуал жөнінде, қылмыскерлікпен күресті күшейту, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөніндегі Елбасы тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Министр, сондай-ақ, мемлекет басшысын халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру үшін министрліктің қолға алған шаралары туралы хабардар етті.

"Мен ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің барысы және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстар туралы есеп бердім. Заңсыз есірткі айналымына, әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі осындай жағдайға қарсы әрекеттерге және нашақорлыққа қарсы насихат жүргізуге Үкімет резервінен 40 миллиардқа жуық теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр", - деді Серік Баймағанбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны