07.09.2017, 15:01 4837

Мемлекет басшысы Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлықты (GIFA) тапсыру рәсіміне қатысты

Ислам қаржысыныӊ әлемдегі жылдық айналымы 2 триллион доллардан асып, соӊғы 10 жыл ішінде 3 есе өскенін көрсетті. 2020 жылы бұл көрсеткіш 3 триллион долларға жетеді деп болжануда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлықты (GIFA) тапсыру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Ислам қаржысы әлемдік қаржы жүйесініӊ жылдам өсіп келе жатқан индустриясыныӊ біріне айналғанын атап өтті.

- Ислам қаржысыныӊ әлемдегі жылдық айналымы 2 триллион доллардан асып, соӊғы 10 жыл ішінде 3 есе өскенін көрсетті. 2020 жылы бұл көрсеткіш 3 триллион долларға жетеді деп болжануда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бүгінде ислам қаржысы институттарыныӊ қызметі мұсылман әлемі елдерімен ғана шектелмейтінін айтты.

- Ислам қаржысы институттарыныӊ қызметі Австралия, Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ, Франция және Жапония елдерінде де кеӊінен қанат жайып келеді. Илемніӊ үздік 100 банкініӊ бірқатары өз құрылымдарында ислам бөлімшелерін ашты. Қазақстан 2009 жылдан бері исламдық қаржыландыруды енгізу жөнінен ТМД мен Орталық Азияда көшбасшы саналады, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев "Рейтер" агенттігініӊ мәліметіне сәйкес, Қазақстан 2015 жылы ислам инвестициясы үшін қолайлылығы жағынан 5-орынға ие болғанын атап өтті.

- Бұл рейтингте Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 57 ел бар. "Бостон консалтинг груп" компаниясыныӊ зерттеу нәтижелеріне сәйкес исламдық қаржыландыру активтерініӊ Қазақстандағы әлеуеттік көлемі 2025 жылға қарай 23 миллиард долларға жетуі мүмкін. Осыған байланысты, ислам банктері активтерініӊ көлемі барлық банк секторыныӊ 10 процентін құрауы мүмкін, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазір елімізде банкинг, сақтандыру, лизинг салаларында бірнеше ислам қаржысы институттарыныӊ жұмыс істеп жатқанына назар аударды.

- Меніӊ бастамаммен 2010 жылы Қазақстанда тұӊғыш ислам банкі - "Ил-Хилал" банкі құрылды. 2012 жылы Қазақстанныӊ даму банкі алғаш рет "Сукук" ислам облигацияларын шығарды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 240 миллион Малайзия рингитін құрайтын облигациялар сәтті өтелді. 2018 жылы 300 миллион долларға дейінгі мемлекеттік ислам құнды қағаздарын (тәуелсіз сукук) шығару жоспарланып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ислам қаржысыныӊ маӊызды бағыты ретінде әлеуметтік жобаларды, білім беру және ағарту шараларын қаржыландыруды атап өтті.

- Қазақстан үшін Ислам даму банкімен жұмыс істеудіӊ маӊызы зор. Ол ислам қаржысы мен банкингі индустриясын дамыту ісінде Қазақстанныӊ басты әрі стратегиялық серіктесініӊ бірі саналады. Бүгінде Банк тобы тартқан займдар есебінен жалпы құны 500 миллион долларға жуық 23 жоба іске асырылды. 900 миллион долларды құрайтын жаӊа 12 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ базасында Халықаралық қаржы орталығы құрылатын атап өтті.

- Онда Нью-Йорк, Лондон, Сингапур және Дубай қаржы орталықтарыныӊ үздік тәжірибелері қолданылады. Оныӊ қызметін реттеу шетелдік сот корпусын тарту арқылы ағылшын құқығына негізделетін болады. "Астана" қаржы орталығында құрылатын биржа акционерлерініӊ бірі - Шанхай биржа қоры (25% үлесі бар). Американыӊ NASDAQ биржасымен бірге мейлінше көп қолданылатын әлемдік сауда платформасын енгізу жоспарланып отыр. "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығына халықаралық деӊгейдегі қатысушыларды тарту үшін салық жеӊілдіктері, сондай-ақ жеӊілдетілген виза мен еӊбек режімдері ұсынылатынын айтты.

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығы шетелдік әріптестеріміздіӊ әл-ауқатын арттыра түсуіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

- Барлық қатысушыларды біздіӊ жобаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырамын. Жалпы, Қазақстанныӊ алдында әлемніӊ озық дамыған 30 елініӊ қатарына қосылу жөніндегі биік мақсат тұр. Түбегейлі институционалдық реформалар іске асырылып жатыр. Биыл жаӊа технологиялар мен инновацияларды жедел енгізу арқылы экономикамызды Үшінші жаӊғырту ісіне кірістік, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміздіӊ әрдайым шетелдік инвесторларға қолдау көрсетуге және олармен тығыз ынтымақтасуға әзір екенін айтты.

- Басты қаржы нарықтарыныӊ жаһандық қатысушыларыныӊ басын қосатын ауқымды іс-шаралар өткізу халықаралық экономикалық ынтымақтастықтыӊ тиімді құралыныӊ бірі болып саналады. Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлықты тапсыру рәсімі исламдық қаржыландырудыӊ түрлі саласындағы көшбасшыларды іздеп табуға бағытталған. Ол ислам қаржысы институттарыныӊ қызметін одан әрі дамытуға септігін тигізеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Жаһандық сыйлықтыӊ атқарушы органына бұл рәсімді біздіӊ елімізде ұйымдастырғаны үшін ризашылық білдірді.

- Мен 2014 жылы Дубай қаласында ислам қаржысы саласындағы әлемдік көшбасшылық үшін сыйлығына ие болдым. Енді бұл марапатты Джибути Республикасыныӊ Президенті Исмаил Омар Геллеге тапсыру мен үшін зор мәртебе. Бұл марапат оған ислам қаржы нарығын өӊірлік және халықаралық деӊгейде дамытудағы зор жетістіктері үшін беріледі. Меніӊ шынайы құттықтауымды қабыл алыӊыз. Жаһандық сыйлықты тапсыру рәсіміне келгендердіӊ барлығы әлемдік қаржы жүйесініӊ дамуына өздерініӊ елеулі үлестерін қосады деп сенемін, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев рәсімге қатысушыларға жемісті жұмыс пен зор табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны