25.04.2016, 19:11 3834

Мемлекет басшысы Испания Корольдігініӊ Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоны қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан-Испания ынтымақтастығыныӊ негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ екі елдіӊ бірлескен жұмысыныӊ перспективалы салалары қарастырылды

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қазақстан-Испания ынтымақтастығыныӊ негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ екі елдіӊ бірлескен жұмысыныӊ перспективалы салалары қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттіӊ өзара іс-қимылын нығайтуға оӊ ықпал етіп отырған Қазақстан мен Испанияныӊ стратегиялық серіктестігіне назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы теміржол машиналарын жасау, мұнай-газ, коммуникация және құрылыс салаларында бірқатар бірлескен жобалар бар екенін, олар ынтымақтастық аясын кеӊейте түсуге елеулі негіз болып отырғанын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны