08.04.2009, 15:54 2811

Мемлекет басшысы Италия президентіне жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады (толықтырылған)

Мемлекет басшысы Италия президентіне жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады (толықтырылған)

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының президенті Джорджо Наполитаноға Италиядағы жер сілкінісі салдарынан болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтқан жеделхат жолдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осындай ауыр сәтте барша Қазақстан халқы атынан және жеке өз тарапымнан Сізге, қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарының және бүкіл Италия халқының қайғы-қасіретіне ортақтастығымды білдіремін", делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылдың 6-сәуірінде таңертең Италияның орталық ауданында жер сілкінісі болды. Зілзала кіндігі Римнен солтүстік-шығысқа қарай 110 шақырым жердегі Абруццо таулы өңірінде орналасқан Л'Акуила қаласына жақын жерде болған, жер сілкінісінің күші 6 балға жуықтаған. Сейсмологтар бұл жер сілкінісін Италияда соңғы 30 жылда болмаған қуатты зілзала деп бағалап отыр.

Мамандардың айтуынша, соңғы жер сілкінісінің магнитудасы Рихтер өлшемі бойынша 5,4 балл болған, деп хабарлайды Sky news телеарнасы.

Осы телеарнаның хабарлауынша, нақтыланған мәліметтер бойынша, Италияның орталық бөлігінде болған зілзала құрбандарының саны 250 адамға жетіп отыр.

Апат салдарынан 1,5 мыңнан астам адам жарақаттанып, 17 мыңдай адам баспанасыз қалған. Олар үшін қаладағы саябақтар мен футбол алаңдарында шатырлы қалашықтар ұйымдастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны