22.06.2006, 17:23 2895

Мемлекет басшысы Израиль еліндегі Қазақстан елшісін қабылдады

АСТАНА. 22-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Израиль еліндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Вадим Зверьковты қабылдады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Н.Назарбаев В.Зверьковтың алдына Израильмен арадағы ынтымақтастықты пәрмендендіру, бірінші кезекте ауылшаруашылығы, биотехнологиялар, нанотехнологиялар, оқу, ғарыштық бағдарламалар, әскери-техникалық салалардағы экономикалық ынтымақтастықтар аясын кеңейтуге қатысты бірқатар мақсаттар қойды. “Бұл – Израиль дүниежүзінде жетекші елге саналатын салалар. Біз сондай-ақ ауылшаруашылығы мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа да қызығушылық танытып отырмыз. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымының таяу уақыттарда өскенін қалар едік”,- деді кездесуден кейін өткен брифингте В.Зверьков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны