30.06.2015, 17:35 8027

Мемлекет басшысы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Израиль премьер-министрі барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы құттықтауын жеткізді

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Израиль премьер-министрі барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Биньямин Нетаньяхуды Израиль премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Иӊгіме барысында тараптар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығыныӊ басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын белгіледі.

Телефон арқылы сөйлесуге Израиль жағы бастамашылық етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны