20.04.2010, 17:26 3753

Мемлекет басшысы Йорг герцогын қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Британия үкіметінің халықаралық сауда және инвестиция жөніндегі арнаулы өкілі Йорг герцогы ханзада Эндрю Альберт Кристиан Эдвард Виндзорскийді қабылдады.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Британия үкіметінің халықаралық сауда және инвестиция жөніндегі арнаулы өкілі Йорг герцогы ханзада Эндрю Альберт Кристиан Эдвард Виндзорскийді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақстан-британия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейтудің перспективасы талқыланды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы аптада жоғары мәртебелі Король тұқымы - Йорк герцогының Қазақстанға Ұлыбританияның инвестиция және сауда мәселелері бойынша арнайы өкілі ретіншегі ресми сапары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Сапар мақсаты - Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы іскерлік байланысты одан әрі дамыту.

Елшіліктің ақпаратына сәйкес, герцог Алматы, Астана және Атырауда болып, онда министрлермен, бизнес-құрылымдардың жетекшілерімен, әкімдермен және жоғары лауазымды ресми тұлғалармен кездеседі. Сондай-ақ, ол Қазақстанда жұмыс істейтін британдық компаниялардың өкілдерімен жүздеседі.

Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшісі Дэвид Моранның айтуынша: "Ұлыбритания Қазақстан үшін ірі инвесторлардың бестігінде қалып отыр. Жоғарғы мәртебелі герцогтың сапары тек қана британдық компаниялардың осындағы табысты іс-қызметінің нышаны болып қана қоймай, инвестициялар, серіктестік пен ынтымақтастықтың келешек мүмкіндіктері жайлы жоғағы деңгейде талқылауға мүмкіндік береді".

Алматыда жоғарғы мәртебелі Йорк герцогы Ұлттық банк басшысымен кездесіп, Алматы Өңірлік қаржы орталығында қаржылық қызметтер жайлы дөңгелек үстелге қатысады және Haileybury Almaty мектебіне барады.

Астанада жоғарғы мәртебелі Йорк герцогы Қазақстан президентімен, үкімет басшысымен, экономикалық мекемелердің министрлерімен және "Самұрық - Қазына" қорының басшысымен кездеседі.

Йорк герцогы бұған қоса батыс Қазақстандағы Қашаған кенешіне барады. Shell компаниясы кенішті игеруші халықаралық мұнай компанияларының қатарында.

Йорк герцогы 1960 жылдың 19 ақпанында Букингем сарайында туған, Ұлыбритания ханшасы Елизавета II мен Эдинбург герцогының үшінші баласы және екінші ұлы. Эндрю Альберт Кристиан Эдвард бұған дейін үйленбей тұрып Эндрю ханзада ретінде белгілі, бұдан кейін оған Йорк герцогы және Инвернесс графы және барон Киллилей титулдары берілді. Корольдік әскери теңіз флотындағы пилот ретіндегі 22 жылдық қызметтен кейін ол Ұлыбританияның инвестиция және сауда мәселелері бойынша арнайы өкілі атанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны