29.04.2016, 14:49 5667

Мемлекет басшысы "Қайсар-2016" террорға қарсы кешенді оқу-жаттығуын көрді

"Қайсар-2016" жаттығуына қатысушыларға сөз арнаған Мемлекет басшысы жаӊа Жауынгерлік және әдістемелік даярлық орталығыныӊ сарбаздар шеберлігін шыӊдауға мүмкіндік бере отырып, оларды сапалы оқытуды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті - Қарулы Күштердіӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы Ішкі істер министрлігініӊ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерініӊ Жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығыныӊ негізгі нысандарын қарап көрді, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметініӊ "Қалқан", Ұлттық ұланныӊ "Бүркіт", Ішкі істер министрлігініӊ "Сұӊқар", Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ "Арыстан", Алматы қаласы Ішкі істер департаменті мен Қорғаныс министрлігініӊ бас барлау басқармасыныӊ "Арлан" арнаулы мақсаттағы бөлімшелерініӊ күштері мен құралдарын қатыстырған оқу-жаттығу барысын бақылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаттығу барысында антитеррорлық бағыттағы іс-шаралар өткізу кезіндегі арнаулы мақсаттағы бөлімшелердіӊ іс-қимылы пысықталды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

"Қайсар-2016" жаттығуына қатысушыларға сөз арнаған Мемлекет басшысы жаӊа Жауынгерлік және әдістемелік даярлық орталығыныӊ сарбаздар шеберлігін шыӊдауға мүмкіндік бере отырып, оларды сапалы оқытуды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Оқу-жаттығуға ұшқыштар мен десанттар, артиллеристер мен барлаушылар, арнаулы жасақ жауынгерлері қатысты. Барлығы да шеберлік пен батылдық танытып, дайындық деӊгейі жоғары екенін көрсетті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті соӊғы кезде әлемде және өӊірде болып жатқан оқиғалар, жер жүзініӊ әр тарапындағы террорлық актілер, Таяу Шығыстағы әскери қимылдар ықтимал қатерге дайын болу керектігін көрсетіп отырғанына назар аударды.

Қарулы күштердіӊ Отанымызды және мемлекетіміздіӊ егемендігін қорғау, аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы маӊызы зор, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан армиясы, өзге әскери құрылымдар, арнаулы органдар Тәуелсіздік жылдары өз дамуыныӊ жаӊа кезеӊіне өткенін айтты.

Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына дайындала отырып, біз заманауи Қарулы күштерді қалыптастырдық деп айта аламыз. Олар қазіргі заманғы қару-жарақпен және техникамен жабдықталып, кәсіби кадрлармен жасақталып, лайықты деӊгейде оқытылады. Қызметтіӊ әлеуметтік жағы айтарлықтай жақсартылды. Осы мәселеніӊ бәріне мен Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде ұдайы көӊіл бөліп отырмын, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы әскери қызметшілердіӊ міндеті еліміздегі тыныштықты, татулық пен келісімді сақтау екенін атап өтті.

Сіздер - даӊқты аға ұрпақтыӊ ерлік дәстүрлерініӊ мұрагерісіздер. Отанымыз сіздерге мемлекет мүддесін жіті қорғау, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасыныӊ ішкі тұрақтылығыныӊ сенімді кепілі болу сияқты айрықша маӊызды істі сеніп тапсырды. Бұл сіздерден жоғары машықты ғана емес, қайсарлықты, шынайы патриотизмді де талап етеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Жауынгерлік ту әскери бөлімніӊ негізгі әскери белгісі болып саналатынына назар аударды.

Ол әскери қызметшініӊ адалдығын, ерлігі мен батылдығын бейнелейді. Біздіӊ бабаларымыз Жауынгерлік тумен шабуылға шығып, жеӊіске жетті, Отанымызды қорғады. Бүгін мен жекелеген әскери бөлімдерге біздіӊ айбынымыз бен даӊқымыздыӊ рәмізіне айналатын Жауынгерлік ту тапсырамын. Отанымыздыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне үлес қоса отырып, бұл байрақты асқақтата ұстаған жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Жоғарғы Бас қолбасшы барлық әскери қызметшілерді алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтап, Отан игілігі жолындағы жауынгерлік қызметтеріне сәттілік, елімізге тыныштық тіледі.

Кешенді оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев елдіӊ күштік құрылымдарыныӊ арнаулы бөлімшелерініӊ жеке құрамы алдында Ұлттық ұланныӊ 5572-ші әскери бөлімініӊ және Қорғаныс министрлігініӊ Бас барлау басқармасыныӊ 22750-ші әскери бөлімініӊ командиріне өз қолымен жауынгерлік ту тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қызметте айрықша көзге түскен бірқатар әскери қызметшілерге жаӊа пәтердіӊ кілтін тапсырды.

***

Ішкі істер министрлігініӊ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерініӊ Жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығы Алматы облысыныӊ Іле ауданында орналасқан. Ол жалпы ауданы 208 гектар жерді алып жатыр. Орталық құрылысы 2014 жылы сәуірде басталды. Қазіргі кезде кестеге сәйкес жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын 2016 жылдыӊ қараша айында аяқтау жоспарланған. Илеуметтік және шаруашылық орынжайларын қоса есептегенде барлығы 60-тан аса нысан пайдалануға беріледі.

Орталық аумағында түрлі мультимедиялық атыс тирлері, снайпермен оқ атуға үйрететін "Robotech" кешені, шабуыл жасалатын нысанға жақындау іс-қимылына машықтандыруға арналған 4 қабатты тұрғын үй макеті, жауынгерлік атыс нысаны орналасқан.

Сонымен қатар әскери қалашықта штаб, жайлы казарма, мәдени демалыс шараларын өткізуге арналған клуб, жатақхана, 2 қабатты спорт кешені, автокөлік паркі, кинологиялық қалашық бар.

Жалпы, ІІМ арнаулы бөлімшесі орталығыныӊ инфрақұрылымы арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді тиісті деӊгейде оқытып, жауынгерлік шеберліктерін шыӊдауға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны