06.09.2007, 12:50 1498

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында "Қазақмыс" корпорациясының өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. ЖЕЗҚАЗҒАН. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында "Қазақмыс" корпорациясының өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жезқазғандағы "Қазақмысқа" қарасты мыс балқыту зауытының жұмысшыларымен кездесу кезінде мемлекет басшысы "осымен 20 жылдан бері облыстағы кәсіпорындық нысандарды аралап жүргенін" атап өтті. "Қарағанды облысы бүкіл Қазақстанда өндірілетін өнімдердің 10%-ін беретінін, Қарағандыда өнеркәсіп өнімінің 20%-ке, Балқашта 17%-ке, Жезқазғанда - 19%-ке өскенін атап өтті. Ал ауылшаруашылығының өсімі 10%-тен астам. Бұл қарағандылық металлургтар, кеншілер мен ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің еңбегінің үлкен жемісі", - деді Н. Назарбаев.

Жұмысшы-металлургтармен кездесуден кейін президент Жезқазғандағы "Нұр Отан" партиясының өкілдігіне барды.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына екі күндік жұмыс сапары басталды. Бұл президенттің парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының 18-тамызда өткен сайлауынан кейінгі елемез бойынша жасап отырған бірінші сапары.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Балқашта ол "Қазақмыс" корпорациясының "Балхашцветмет" өндірістік бірлестігінің күкірт ангидридін пайдалы жарату зауытының ашылуына атсалысып, онда "бұл зауыттың Қазақстанда өндірістерді инновациялық жаңалау бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанына айқын мысал" екенін атап өтті.

Бұдан кейін Н. Назарбаев Ағыбай батыр ескерткішінің ашылуына қатысып, гүл шоқтарын қойды. Президент бұл жерден қалалық сотқа барып, соттың жұмысын жеңілдетуге бағытталған біртұтас автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесімен танысты. Елбасы ат басын тіреген осындағы соңғы нысан - "Балхашцветметтің" сауықтыру орны болды.

Түстен кейін Н. Назарбаев Сәтпаев қаласына аттанады. Кешкісін қаладағы мұз сарайында "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС-нің 10 жылдығына орай салтанатты шаралар жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны